АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Франциямен өтіп жатқан финалдық матчтың 23-минутында Месси 11 метрлік айып добын дәл орындап, есеп ашты.
Бұл оның әлем чемпионатындағы 12-інші голы еді. Бұл жөнінен Месси футбол королі Пелені қуып жетті.
Месси осы біріншілікте алтыншы голын соғып, жекедара мергендер көшін бастады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватия құрамасы қақпашысының соққыны қайтару жөнінен үздік атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).