АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бразилиялық шабуылшы Неймар ұлттық құрама сапындаңы 77-голын соқты. Осылайша ұлттық құрама сапында гол салу жөнінен әйгілі Пелемен теңесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір Эр-Райян қаласындағы «Эдьюкейшн Сити» стадионында Хорватия мен Бразилия кездесуі өтіп жатыр.
Әзірге 1:1 есебімен бразилиялық футболшылар басым түсуде.
Негізгі кезеңде 0:0 есебі тіркелді. Ойын овертаймға ұласып, 105-минутта бразилиялық шабуылшы Неймар мергендік танытты. Осылайша ол ұлттық құрама сапындағы 77-голын соқты. Бұл жөнінен ол әйгілі Пелемен теңесті.
Ширек финалдағы тағы бір кездесу бүгін Нидерланды мен Аргентина арасында өтеді.
Сондай-ақ, 10 желтоқсанда Марокко мен Португалия, Англия мен Франция құрамалары кездеседі.
Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.