АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетіп, стадионда өздері отырған жердегі қоқысты тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қатар астанасы - Доха қаласындағы «Халифа Интернейшнл» стадионында өткен ойында Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді.
Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті. Өздері орналасқан бөліктегі қоқысты тазартып, оны арнайы жәшіктерге жеткізді. Осылайша өзгелерге өнеге көрсетті.
Е тобында сынға түсетін Жапония құрамасы енді екінші турда 27 қарашада Коста-Рикамен кездеседі.
Фото: © Дмитрий Занин / Матч ТВ
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.