Қатар ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдель Рахман Әл Тани Үкіметтің жаңа басшысы болып тағайындалды. Агенттік мұндай өзгерістердің себебі туралы ақпарат бермейді.
Халед бен Халифа әмірдің 2020 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығымен Қатардың Премьер-Министрі және Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Аталған лауазымға ол 2013 жылдан бері әмірлік кабинетін басқарып келген шейх Абдалла бен Насер бен Халифа Әл Танидің орнына келді.
Қатардың жаңа премьер-министрі Мұхаммед бен Абдель Рахман өзінің саяси мансабын 2003 жылы отбасы істері кеңесінде экономикалық мәселелер жөніндегі директор ретінде бастады. 2013 жылдан бастап Сыртқы істер министрінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. 2016 жылы ол әмірліктің сыртқы саясат ведомствосының басшысы және Премьер-Министрдің орынбасары болды.