АСТАНА. KAZINFORM – Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл Тани Израильдің Дохаға жасаған шабуылы Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға бағытталған күшке нұқсан келтіретінін айтты.
Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Израильдің Дохада Хамас басшыларына жасаған «сатқындық шабуылын» айыптады.
Шейх бұл шабуылдың «Газа халқына қарсы геноцидті тоқтатуға бағытталған кез келген дипломатиялық күшке нұқсан келтіретінін» ескертіп, Израильді «қоғамнан алыстаған мемлекетке» айналған деді.
Бұған дейін Газа секторында Израиль шабуылынан 49 адам мерт болды.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.