Қатар Әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Фото: Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM — Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие.

Фото: ҚР Үкіметі

Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды.

Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды.

Фото: ҚР Үкіметі

Қатар — Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті.

Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.

Фото: ҚР Үкіметі