Елдің Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, өрт Катар астанасы Доха қаласындағы Villaggio сауда орталығында, жергілікті уақыт бойынша шамамен түсауа орын алды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Жалынның шығу себептері мәлім етілмеді.
Villaggio орталығы Катар астанасындағы танымал орындардың бірі болып табылады. Онда келушілер үшін таңғажайып мұз айдыны салынған. Бұдан басқа, кешеннің ішінде венецияндық гондолалармен сырғанауға болатын каналдар жасалған.
Ғимаратқа келген шығынның болжамды сомасы әзірше айтылмады.