35 катар риалы (9,6 доллар) көлеміндегі салық транзиттік және чартерлік рейстерді қосқанда барлық жолаушыдан алынады. Жергілікті туристік операторларға жіберілген нұсқауға сәйкес, салық сейсенбіден бастап күшіне енеді және биылғы 1 желтоқсаннан кейін ұшатын жолаушыларға қолданыла бастайды.
Әлем елдерінің көпшілігіне қарағанда, Парсы шығанағындағы ел әуежайын пайдаланғаны үшін ешқандай салық енгізбеген еді, деп жазды басылым. Бұған дейін елдегі барлық әуежайға салық енгізу туралы БАӘ билігі мәлімдеген еді.
Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты, 15 жылда алғаш рет Катарда мемлекеттік бюджет тапшылығы болуы мүмкін. Биліктің болжауынша, тапшылық көлемі 10 миллард доллардан асады.