«Экипаж мүшелеріне ұшу кезінде бір ер адамды басқа жолаушылардан оқшаулауларына тура келген, ал ұшқыш ұшақ бағытын өзгертіп, Манчестерге қонуға мәжбүр болған», - деп хабарлады полиция өкілдері.
Бұдан бұрын ұшақтың қонуына жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған деген ақпарат түскен еді.
Әуе лайнері Нью-Йорктен Катар елінің астанасы Дохаға бағыт алған болатын, деп хабарлайды ТАСС.
00:24, 02 Қаңтар 2015
«Катар авиажелілері» әуе компаниясының ұшағы Ұлыбританияға шұғыл қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Катар авиажелілері» әуе компаниясының ұшағы Ұлыбританияға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, оған жолаушылардың бірінің оғаш мінез-қылықтар көрсетуі себеп болған.