ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қатарға ресми сапары барысында Қатар даму қорының бас директоры Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен кездесу өтті.
— Келіссөз нәтижесінде қор Астанадағы «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін жөндеу, қалпына келтіру, кеңейту және рухани-мәдени орталық салу жобасына 8 000 000 АҚШ доллары қаржы бөлуге келісті.
Құрылыс жұмыстары қордың бақылауымен жүргізіліп, толық аяқталған соң ҚМДБ-ға табысталады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Қазақстанда мешіттерді кім салады және кім қаржыландыратыны туралы жазған едік.