АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан әлем чемпионатын өткізіп жатқан Қатар жер аумағы бойынша шағын және тұрғындар саны аз мемлекет ретінде ерекшеленіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған мемлекеттің жер аумағы – 11 586 шаршы шақырым. Бұл жөнінен дүниежүзінде 158-орында тұр. Бұл мемлекетте 2,8 миллион адам тұрады. Ал, 1930 жылы әлем чемпионатын өткізген Уругвай халқының саны сол уақытта 3,5 млн адам болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын қай елдің біріншілігінен көп ойыншы барғаны анықталды.
Дүбірлі додаға барлығы 830 футболшы қатысады. Олар 42 мемлекеттің доп додасында ойын көрсетеді. Арасында Англия біріншілігінен 159 ойыншы Қатар жеріне қадам басты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.