Қатар ХАМАС пен Израильдің көзқарастары тоғыса бастағанын айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Қатар Израиль мен палестиналық радикалды ХАМАС қозғалысының Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісімге келуіне күш салып жатыр, деп жазады ресейлік ТАСС.
Бұл туралы Қатардың премьер-министрі және осы елдің Сыртқы істер министрі Мухаммед бен Абдель Рахман әл Тани мәлім етті. Ол тараптардың көзқарастары тоғысуға жақын екенін айтты.
- Бейсенбі күні біз тараптардың атысты тоқтату бойынша келіссөздер аясында жағдайдың біршама оң бағыт ала бастағанын байқадық, - деді ол.
СІМ басшысының айтуынша, Қатар екі тараптардың Газа секторы бойынша татуласуына күш салып келеді.
Бұл туралы айта келе ол ХАМАС-тың егер шарттар толық сақталатын болса қамауға алығандарды айырбастау үшін кепілдегілердің бәрін босатуға дайын екенін жеткізді. Алайда Израиль бұл ұсынысқа келіспеуі мүмкін.
Министрдің сөзінше, Израиль Газадағы соғысты тоқтатпай-ақ кепілдегілердің бәрін босатқысы келеді.
15 қаңтарда Израиль мен ХАМАС анклавтағы атысты тоқтатып, Газада кепілге алынған адамдарды босату туралы келіскен.
Үш кезеңнен тұратын келісім 19 қаңтар күні күшіне енді. Оның бірінші бөлігі 1 наурыз, сенбі күні аяқталды.
Келісімнің бірінші бөлігін жүзеге асыру барысында тараптар атысты тоқтату туралы екінші кезеңнің шарттарын келіседі деген үміт болған. Алайда олай болмады.
18 наурызда әскер Газа секторындадағы анклавқа кең ауқымды соқылар жасай отырып, соғыс әрекеттеріне қайта көшті.
Израиль премьер-министрінің кеңсесі бұны радикалды ХАМАС қозғалысының келіссөздер барысында делдал болған АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткоффтің ұсыныстарын орындаудан бас тартуымен түсіндірді. Ол сектордағы басты мақсат кепілдегі барлық азаматтарды босату болғанын айтты.
Радикалдар болса соғыс әрекеттерінің жандануына Израиль мен АҚШ-ты кінәлады.
Изриаль тарапының кейнігі мәліметтері бойынша, ХАМАС Газа секторында әлі 59 адамды кепілдікте ұстап отыр.
Осыған дейін ХАМАС-тың кепілге алынғандарды босатып, бес жылға татуласуға дайын екенін жаздық.