Бұл жайында Arabian Business агенттігі ASNAmed жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш компания Коста Смеральда жағынан төрт бірдей зәулім қонақ үй салуды көздеп отыр. Бұл - осы аралдың туристік әлеуетін екі есе көтеріп, 900 орынға дейін турист қабылдауға мүмкіндік беретін үлкен жоба. Сондай-ақ, компания 150 орынға шақталған, ал отбасымен келетіндер үшін 200 орын қарастырылған Harrods Hotel қонақ үйінің құрылысын да қолға алмақ. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, Liscia Ruja қорығының аумағында су саябағын салуды да жоспарлап отыр. Бұл саябақта қоршаған ортаға зияны жоқ, Go-Kart электрлі картамен төңіректі тамашалауға мүмкіндік беретін маршрут туристерге қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, жолдарды, су құбырлары мен кәріз жүйесін кеңейтуді де ойластырып отырған көрінеді.