Катар Қазақстанға бірлескен инвестициялық қор құруды ұсынды
Бұл туралы «Kaznex Invest» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
VI АЭФ соңында «Kaznex Invest» агенттігі ұйымдастырған Катар Мемлекетінің Экономика және қаржы министрі Юсуф Хусейн Камал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесуі барысында екі жақтан 500 миллион АҚШ доллары көлемінде ақша салып, бірлескен инвестициялық қор құру жөнінде ұсыныс жасады.
Ә. Исекешев инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл ретте вице-премьер Қазақстандағы туристік саланың дамуына инвестиция тарту мүмкіндіктерін атап өтті.
Қазақстан-Катар бірлескен инвестициялық қорын құруға байланысты мәселелер бойынша Ә. Исекешев Қазақстан Даму банкімен бірігіп жұмыс жасауды ұсынды.