Катар корольдігі отбасының ұрланған мүшесі босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар билігі өткен жылдың желтоқсан айында Иракта аңшылыққа шығу кезінде ұрланған Катардағы корольдік отбасы мүшесінің босатылғаны туралы хабарлады.

 Сондай-ақ тура сол уақытта ұрланған Пәкістан азаматы босатылды.

Катар Сыртқы істер министрлігінің мәліметтерінше, ел билігі ұрланған тағы 26 азаматының босатылуы үшін әрекет жасап отыр.

 Оқиға 16 желтоқсанға қараған түні Сауд Арабиясымен шекараға жақын жерде орын алған: әскери киім киген, қаруланған белгісіз адамдар Наджаф шөліндегі аңшылар лагеріне шабуыл жасап, кем дегенде 28 адамды ұрлап әкетті, солардың көбі - Катар азаматтары.

Бұған дейін Катар билігі ұрланғандардың арасында корольдік отбасының мүшелері болғанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Би-би-си.