Катар, Мысыр және АҚШ Израиль мен ХАМАС-ты келіссөзді қайта бастауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM — Катар, Мысыр және АҚШ билігі Израиль мен палестиналық ХАМАС-ты Газа секторындағы атысты тоқтату және өткен жылдың 7 қазанындағы шабуыл кезінде тұтқынға алынған израильдіктерді босату туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырды, деп жазады BBC.
«Біз тараптарды Доха немесе Каирдегі олқылықтарды жою және келісімді кешіктірмей жүзеге асыруды бастау үшін келіссөздерді жедел түрде қайта бастауға шақырдық», - делінген бірлескен мәлімдемеде.
Келіссөздердің қайта жандануы аймақтағы шиеленісті бәсеңдету және өткен аптадағы ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияның қазасынан кейінгі шиеленісті тоқтату әрекеті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен осы аптада Иран мен Израильді Таяу Шығыстағы шиеленістің алдын алуға шақырды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Израиль делегациясының келіссөздерге 15 тамызда кететінін хабарлады.
ХАМАС өкілдері әлі түсінік берген жоқ. Таяу Шығыс пен америкалық делдалдар Хания қайтыс болғаннан кейін бітімгершілік келісіміне қол жеткізу оңай болмайтынын мойындады.