Әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ, бірақ агенттікке сұхбат берген дереккөз, дәл қазір елшілікте тек сириялық қызметкерлер ғана жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Катар дипломатиялық миссиясының мүшелері, барлық дипломаттар мен консулдық басқарманың барлық қызметкерлері Катарға оралды.
Өткен аптада Дамаскідегі Катар елшілігі Б.Асадтың қарулы жақтаушыларының екі рет шабуылына ұшыраған болатын. Олар, Сириядағы ахуалды шынайы көрсетпеген Катардың «Әл-Жәзира» телеарнасынаның әрекетіне осылайша наразылық білдірген көрінеді.
Сарапшылар, Сириядағы жағдайдың күн санап ушығып келе жатқанын айтып отыр. Өткен жұма күні Сирияда соңғы үш айдағы ең үлкен наразылық шарасы өтті. Бірнеше мың адам Дамаск көшелеріне шығып, «Башар, кет!» деп ұрандаған.