Қатарда Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастырудың тәртібі реттеледі
АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Қатарда жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.
- Заң жобасы Қатарда Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыру мәселелерін реттейді. Еңбек шартын жасаудан бастап, репатриациялау мәселелеріне дейінгі барлық кезеңдерде қазақстандықтарды кешенді құқықтық қорғауға бағытталып отыр. Қазақстаннан келген жұмысшыларды жалдау, олардың Қатарға кіруі және онда жұмысқа орналасуы тиісті заңдармен, сондай-ақ екі елде де қолданылатын рәсімдермен реттеледі. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.
Еске салсақ, биыл сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарының заңды жұмыс істеуіне жағдай жасау мүмкіндігіне түсінік берді.