Фильмнің бюджеті 150 миллион долларды құрайтын болады және онымен атышулы "Сақина әміршісі" және "Матрица" фильмдерінің продюсері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Utro.ru сайты "Openspace" басылымына сілтеме жасап.
Әзірге жобаның атауы жоқ, фильмнің режиссері мен басты рольдерді орындаушылар да анықталмаған, фильмнің қашан түсіріле бастайтыны да белгісіз. Тек, дін қайраткері және тележүргізуші шейх Юсеф әл-Карадауидің жобаның техникалық консультанты болатыны ғана мәлім.