Бұл туралы Қатар Ішкі істер министрлігі жариялады.
Аталған аумақта Қатардың сұйытылған табиғи газ өндіретін негізгі нысандары орналасқан. Мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
— Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде жергілікті сипаттағы жарылыс болды. Азаматтық қорғаныс күштері оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер мен газдың немесе басқа заттардың сыртқа шығу фактілері тіркелген жоқ, — делінген ведомство мәлімдемесінде.
Ал ТАСС агенттігінің мәліметінше, зауыттағы жарылыстан бірнеше адам зардап шеккен.
Айта кетейік, Өзбекстанда жанармай бекетінде болған жарылыстан 6 адам қаза тапты.