Катардағы сайлау учаскесінде Қазақстанның гимнастикадан құрамасы дауыс берді

ӘБУ-ДАБИ-ДОХА. ҚазАқпарат - Дохадағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып спорттық гимнастика бойынша Қазақстан құрамасы дауыс берді. Олар гимнастика бойынша әлем біріншілігіне (9th Gymnastics World Challenge Cup) қатысу үшін Катарда жүр.

Катар мемлекетінің астанасы Дохадағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №230 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00 дейін жүргізіледі.