Қатарды «тазарту» керек – Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күресті күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрестібарынша күшейтіп, қатарды «тазарту» керек. Бұл туралы көп айтыпкелеміз. Сайланған Президент те жақында осы мәселе туралы айтып кеткен болатын.Әлбетте, біз де, агенттік те жұмыс істеп жатыр. Алайда біз бұл күреске халықтытартқан жоқпыз. Сингапурда тәртіп бар: егер мен өз әріптестеріммен біркабинетте жұмыс істесем, біреу жемқорлыққа барғалы жатса, ол туралы менайтпасам – сол үшін мені жазалайды. Бізде тіпті ондай психология да жоқ», -деді Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілгенотырысында.

Елбасы осы ретте үздік елдердіңтәжірибесін сіңіру керектігін айтты.

«Егер біз бәрін өзімізденбастамасақ, бұл дертті жеңе алмаймыз. Иә, ІІМ, ҰҚК, агенттік жұмыс жүргізіпжатыр. Ал бізде керісінше, заң бұзушыларды қорғау қалыптасып қалған», - дедіНұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, елордада ҚР ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясыСаяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар