АСТАНА. KAZINFORM - «Қайрат» командасының футболшысы Дастан Сәтпаев Қатарға қосымша қаралуға аттанады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Бүгін түнде ол дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, осындай себептерге байланысты ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындардан жарақатына байланысты шет қалды.
Дастан Сәтпаев 2007 жылы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2024 жылдан бері алматылық «Қайрат» командасы сапында 24 кездесуде 12 гол соғып үлгерді.
Ал ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2025 жылдың 19 наурызында Кюрасао құрамасына қарсы өткізді.
Айта кетсек, жас шабуылшы биылғы жылдың ақпан айында Англияның «Челси» (Лондон) клубымен трансфер бойынша келісімге келді. Енді ол 18 жасқа толғаннан кейін лондондық клуб сапына қосыла алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.