Қатарынан екі турнирде чемпион атанған Александр Бублик ТОП-25-ке кірді
АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.
Өткен аптада Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған Александр Бублик 30-дан 25-ке көтерілді.
Оның алдында Гштаадта (Швейцария) осындай додада топ жарған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингідегі өзінің үздік көрсеткішіне (17) жақындап келеді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 110-нан 101-ге, ал Михаил Кукушкин 197-ден 195-ке жоғарылады.
Бейбіт Жұқаев 218-ден 204-ке шығып, ТОП-200-ге жуықтады.
Дмитрий Попко 215-тен 222-ге, Денис Евсеев 322-ден 326-ға төмендесе, Тимофей Скатов 309-дан 306-ға ауысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монрель турнирінде Рыбакина мен Путинцеваның бақ сынайтынын жазған едік.
Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 18 сатыға жоғары көтерілді.