Катармен дипломатиялық қатынастарын осымен он ел тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Комор аралдары Катармен дипломатиялық қатынастарын үзді. Бұл туралы Комор аралдары Одағының Сыртқы істер министрлігінде айтылды, деп жазды бүгін korrespondent.net.

Мәлімдемеде Комордағы Катар елшісі елден кетуі қажеттігі аталып өтеді.

Комор аралдары Одағы Шығыс Африкада және Мозамбик бұғазының солтүстік бөлігіндегі Үндістан мұхитында орналасқан. Комор аралдары одағы федеративтік президенттік республика болып табылады.

Бұл Катармен дипломатиялық қатынасты үзген оныншы ел. Бұдан бұрын қатынасты Мавритания, Йемен, Ливия, Бахрейн, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабия, Маврикий және Мальдия Республикалары тоқтатқан болатын.

Катар «Ислам мемлекетін» қаржыландырды деп айыпталуда. Бұдан басқа, Доха, олардың пікірінше, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу әрекеттерін қабылдайды. Катар бұл айыпты теріске шығарып, мұның жалған екенін айтуда.