Қатарынан бес рет сүрінген «Казцинк-Торпедо» «Спутник» командасынан 3:2 есебімен басым түсті

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Өскемендік «Казцинк-Торпедо» Жоғары хоккей лигасы чемпионатында Ресейдің Нижний Тагил қаласының «Спутник» командасын жеңді,

деп хабарлайды Vesti.kz.

Өскеменде өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық командадан Александр Шин (24 минут), Антон Петров (29) және Евгений Рымарев (35) шайба салды. Қонақтардың сапынан Валентин Артамонов (24) пен Максим Яшин (34) көзге түсті.

Айта кету керек, бұның алдында «Казцинк-Торпедо» қатарынан 5 рет жеңілген болатын.