«Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуші автоматты жүйе қазіргі таңда елорданың бүкіл аудандарындағы жолдардың көшедегі бөлігіне ғана орнатылған. Тұрғын үйлердің аулаларындағы учаскелерді бейнетіркеу қамтымайды», - деп жазды департаменттің баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.
Сондай-ақ, ведомство мамандары көлік құралын дұрыс қаңтармағаны үшін иелеріне 3 айлық есептік көрсеткіштен 15 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін еске салды.
Бұған дейін ел астанасында көлігін жол бойына қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салынатыны хабарланған еді.