Ведомство мамандарының мәлімдеуінше, қатерлі ісіктің алдын алуға болады, ол үшін:
- Уақытылы медициналық тексеруден өту (скрининг) қажет;
- Дұрыс тамақтанған жөн;
- Темекі шекпеңіз, алкогольді ішімдік ішуді шектеу қажет;
- Қалыпты дене салмағын сақтау маңызды;
- Күнделікті өмірде физикалық белсенді болыңыз;
- Шамадан тыс күн астында жүрмеңіз, бұл әсіресе балаларға қатысты;
- Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, қатерлі ісік тудыратын заттардың әсерінен өзіңізді қорғаңыз;
Ал әйелдер үшін:
- емшек сүтімен емізу ананың қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады;
- қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін арттыратын гормондарды алмастыратын терапияларды шектеңіз.
Балалар үшін:
- В гепатитіне (жаңа туған нәрестелер үшін), адам папиллома вирусына (қыздар үшін) қарсы вакцина салдыру маңызды.
Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр.
Кейінгі 2 жылда жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр.
Осыған байланысты министрлік қатерлі ісіктің өршуіне себеп болған басты факторларды атады.
Жалпы жыл сайын онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге 36 млрд теңге бөлінеді.