Хелен Прижан - өлім жазасына қарсы адамдардың бірі. Ол қорғау тарапындағы 40 куәгердің бірі. Алқа билер соты Царнаевқа қандай жаза беретінін осы аптада талқыламақ, деп хабарлады Би-би-си.
2013 жылдың сәуір айында ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтардың ұйымдастырған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланды.
Прижанның айтуынша, Царнаев жасаған ісіне шынайы өкініп, тәубасына келді. Айыптаушы жақ діндар әйелдің куәлігін қабылдамауды сұраған, алайда судья онымен келіспеді.