25 жасар Кристина әпкей Алиша Киздің өлеңін орындаған болатын. Бағдарлама ережелері бойынша, қазылар алқасы сахнаға шыққан әншілерді көре алмайды. Тамаша дауыстың иесі монахтардың қара кимешегін киген пірәдар жас қыз екендігін көрген кезде, олар таңданыстарын жасыра алмады. Өзінің мәртебесіне қарамастан, ол өзін телекамералар алдында өте еркін ұстай алды.
Бағдарламаға қатысуға неліктен келгендігін олар қысқа ғана түсіндірді: «Менің бойымда дарын бар, соны бөлісуге келдім». Кристина енді Рим Папасы Францисктан телефон қоңырауын күтіп отырғандығын да жасырмады.
Сахна сыртында оған шіркеуден келген өзге де әпкейлер жанкүйерлік етті. Олардың айтуынша, Кристина ән салуды қатты ұнатады және Сан-Ремо, «Х-Фактор» сынды бағдарламаларды сүйіп көретін көрінеді. Дегенмен ол тек «Италия дауысына» қатысуға мүмкіндік алған.