-Алдымен фототұзақ объективіне аталық ілбіс ілікті. Ол камераға жақындап, иіскеп көрді де, басқа жаққа бұрып жіберді. Бірақ екінші фототұзақ ең маңызды сәтті сақтап қалды,-делінген хабарламада.
Кадрда — аналық қар барысы мен оның үш аланы. Анасының жанында ойнап жүрген аландар — қар барыстарының адам көзіне көріне бермейтін отбасылық тіршілігін тамашалауға мүмкіндік берген аса сирек көрініс.
Ең қызығы, бір қар барысы камераны басқа жаққа бұрып жатқанда, екінші фототұзақ осы бір отбасылық сәтті таспаға түсіріп үлгерген.
Осыған дейін Батыс Алтай қорығында марал фототұзаққа іліккен болатын.