Катонқарағай ұлттық паркінде қар қалың түсіп, аңдардың аш қалу қаупі туындады

Фото: Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінде қар қалың түсіп, аңдардың аш қалу қаупі туындады.

Ұлттық паркте жыл сайын қаңтар айында ең қарлы кезең басталады. Биыл да әдеттегідей қар қалың түсіп, жабайы аңдардың ашығып қалу қаупі туындады. Соған орай парк қызметкерлері оларды қоректендіріп жатыр.

Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Қазір мұнда қардың қалыңдығы 60-80 сантиметрге жеткен. Желтоқсан айы басталғалы инспекторлар арнайы жабдықталған ыдыстарға 27 тонна шөп, 3 тонна астық, 4 тонна тұз жеткізген. Сол жерге келіп елік, марал, сілеусін сынды түз тағылары қоректеніп жатыр.

Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

- Бұл жұмыстар демалыс күндері де жүргізіліп отырады. Инспекторлар ауа райының қиындығына қарамастан өз аумақтарында жем дайындауда. Сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етуде, - дейді Катонқарағай ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Арнас Ауғанбаев.

Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Катонқарағай ауданында қыс жеті айға созылады. Осы кезеңде жабайы аңдарды азықтандыру үшін 250 тонна шөп, 33 тонна астық, 27 тонна тұз дайындалған.

Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда сілеусін ауыл ішіне кіріп кеткені хабарланған.

Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі