Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл фототұзақ Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған. Оған қар барысы түсіп қалды.

Осыған дейін де қар барысы табиғи парктегі фототұзақ объективіне іліккен болатын. Мәселен, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген Panthera uncia қар барысы 2021 жылдың сәуір айында Катонқарағайдың Сарымсақты жотасында алғаш рет фототұзаққа түсіп қалған еді.

Айта кетейік, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы құрылған. Ол еліміздегі ең ірі және ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мұнда Көккөл сарқырамасы, «Рахман қайнарлары» жылу көздері, Берел қорғандары, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы және 643 мың гектардан астам әсем табиғат аумағында шоғырланған басқа да көптеген көрікті жерлер бар.


Соңғы жаңалықтар