Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан «Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
«Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының барлық көрсеткішінде өсім бар. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласы да даму үстінде. Бұл Катонқарағайдағы ең негізгі салалардың бірі. Себебі жергілікті халық жер құнарлығының арқасында сапалы өнім алып, мал ұстап табыс тауып отыр. Жыл басынан бері арнаулы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 1 млрд 40 млн теңгеге инвестиция құйылды», - дейді ол.
Биыл егістік алқабы – 65 мың гектарды құрады. Оның ішінде майлы дақылдар – 18 мың гектар.
«Халықты сапалы ауызсумен қамту үшін бірқатар жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Топқайың ауылында жаңа су құбырын салу жұмыстары осы жылы аяқталмақ. Жамбыл, Майемер, Балғын Өрнек ауылдарында құбырларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолға қатысты айтар болсақ, 2022 жылдың соңына дейін Үлкен Нарын, Солоновка, Алтынбел ауылдарының көшелерін асфальттау жұмыстары өз мәресіне жетеді. Сондай-ақ Берел қорымына апаратын 10 шақырым жолға асфальт төселуде», - дейді Ділдар Қалиқан.