Катонқарағайда екі аланын ертіп бара жатқан ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында екі күшігіе ертіп кетіп бара жатқан таутан (ілбістің аналығы) фототұзаққа түсіп қалды. 

Фото: Видеодан кадр

Екі күшігімен жайбарақат келе жатқан ұрғашы ілбіс Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шаруашылығында фототұзаққа түсіп қалған.

Ілбісті қазақ халқы ежелден киелі санаған. Ол Қазақстан Республикасының және халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына жойылып бара жатқан аң түрі ретінде енгізілген.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО тұрғыны жолда жаралы жатқан Қызыл кітапқа енген құсты құтқарып қалғаны хабарланған.