Катонқарағайда қар жауды
10:00, 18 Сәуір 2025
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар жауып кетті.
Кеше «Қазгидромед» ШҚО филиалы облыс аумағында жаңбыр мен қар жаууы мүмкіндігін ескерткен. Расыменде бүгін Катонқарағай ауданында қалың қар түсті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауданға қарай жолға шыққан көлік жүргізушілеріне барынша сақ болу керек.
— Ауа райының күрт нашарлауына және қалың қардың жаууына байланысты жолда аса сақ болыңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмаңыздар. Мүмкіндік болса ауа-райы тұрақталғанша ұзақ сапарға шықпаған жөн, — деп ескертті полицейлер.
Еске салсақ, таяуда Шығыс Қазақстанда жолды су шайып кеткен болатын.