Катонқарағайда жаңа қонақ үй кешені салынады

Катонқарағайда қонақ үй кешені салынады, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: TOR’RE компаниясы

Жоспарланған жоба Еуразияның географиялық орталығында орналасқан және Қытай, Моңғолия және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасады.

Тараптар қонақ үй индустриясының әлемдік стандарттарын сақтаудың және қазақтың бай қонақжай мәдениетін интеграциялаудың маңызын атап өтті.

Жоба жеке инвестицияға салынады. 

«Катонқарағай — табиғаты керемет және орасан туристік әлеуеті бар бірегей аудан және біз AITAS холдингінің корпоративтік қорларының әлеуметтік қызметі арқылы аумақтарды тұрақты дамыту тетігін тестілейтін өңірлердің бірі. Оның үстіне бұл — менің отаным, сондықтан осындай маңызды әрі әдемі жобаны іске қосу жөніндегі ынтымақ мен үшін құнды», — деді инвесторлардың бірі, кәсіпкер Серік Толықпаев.  

 

Фото: TOR'RE компаниясы

Жобаның жүзеге асуына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Kazakh Tourism» АҚ қолдау көрсетуге дайын.

«Біз қонақжайлық индустриясындағы қазақстандық компаниямыз. Құрылыста, қонақ үй нысандарын басқаруда тәжірибеміз бар. Серік Толықпаевпен және болашақта осы жоба бойынша Accor халықаралық тобымен ынтымағымызға үлкен ықыласпен қараймыз. Біздің компания құрылысты басқарумен, негізгі серіктестермен өзара іс-қимылмен және кейіннен кешенді басқарумен айналысады», — дейді тағы бір инвестор Ерболат Жақсылықов.  

Сондай-ақ, кездесуде халықаралық қонақ үй операторларының, Glion Университеті, Швейцария сияқты мамандандырылған оқу орындарының өкілдерін тарта отырып, қонақ үй бизнесінің ұлттық стандартын танымал ету және коммерцияландыру үшін жергілікті стандарттарды әзірлеу жөніндегі сараптамалық кеңес құру бастамасы айтылды.

Аталған бастама «Kazakh Tourism» АҚ туризмді дамытудың ұлттық операторынан және нарықтың басқа да қатысушыларынан қолдау тапты.

Кеңес жұмысын TOR’RE Hospitality Management бас директоры Кристофф Шляйссинг басқарады.

Фото: TOR’RE компаниясы

Шляйссинг мырза Египеттегі Hilton Luxembourg, Hilton Luxor Resort & Spa, Омандағы The Millennium Resort Mussanah, Қазақстанда Астанадағы Rixos Borovoe және The Ritz Carlton сияқты танымал қонақ үй нысандарын басқарған.

«Мен әрқашан қазақтардың қонақжайлығының бай мәдениетіне тәнті боламын. Біз командамен нарықтың қалай өсіп, үлкейіп келе жатқанын көріп отырмыз, индустрияны стандарттаудың заманауи тәсілдерін әзірлейтін уақыт келді. Ол үшін бізде халықаралық тәжірибе және индустрияға қатысушылардың өсіп келе жатқан сұранысы бар. Барлық жобалар қазақ қонақжайлығы дәстүрін көтеретін болады», — деді Кристофф Шляйссинг. 

Қонақ үй құрылысының басталу және аяқталу күндері жобаның дамуына қарай жарияланады. 

Фото: TOR'RE компаниясы
Фото: TOR'RE компаниясы
Фото: TOR'RE компаниясы