Фототұзақты мемлекеттік инспектор Жомарт Аманбаев орнатқан.
Айта кетейік, оның есімі Катонқарағайдағы жабайы табиғатты бақылаудың ерекше тарихымен байланысты.
2014 жылы Жомарт Аманбаев ұлттық парк аумағында ілбісті фототұзақ арқылы алғаш рет тіркеген.
Сол кезде камераға аталық, аналық және үш күшігі түскен болатын. Бұл жолы инспектор орнатқан фототұзақ орманның тағы бір жасырын тұрғыны — сілеусінді тіркеді. Сілеусін көбіне жасырын тіршілік етеді және адам көзіне жиі түсе бермейді. Сондықтан фототұзақтағы мұндай кадрлар жануарларды табиғи ортасында бақылауға және олардың мекен ету аумағы туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.
-Бір кездері қар барысын тіркеген инспектордың фототұзағына енді сілеусін түсті. Катонқарағайдың жабайы табиғаты бізге әлі талай қызықты кадр ұсынары сөзсіз,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Қарқаралыдағы фототұзаққа қасқырлар түсіп қалған болатын.