Қатты аяз: Ертең астанада 0-11 сынып оқушылары мектепке бармайды

Фото: Freepik

Астанада ертең де оқушылар үйден оқиды, деп хабарлайды Kazinform қалалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, бүгін екі ауысымда да 0-9 сынып оқушылары сабаққа барған жоқ еді. 

Себеп — 25-30 градус шамасында қатты аяз. 

Кешкілік Астана қаласының білім басқармасы мәлімет таратып, 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлады.