Еске сала кетейік, бүгін екі ауысымда да 0-9 сынып оқушылары сабаққа барған жоқ еді.
Себеп — 25-30 градус шамасында қатты аяз.
Кешкілік Астана қаласының білім басқармасы мәлімет таратып, 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлады.