«Бүгінгі күнге дейін ауа райының күрт нашарлауынаан төтенше жағдай режимінде бір де бір адам қайтыс болған жоқ» дейді жергілікті билік.
Әлеуметтік желілерде Қордай асуында адамдар үсіп, бүкіл отбасы қайтыс болды, сондай-ақ тасжолда қар үйінділерінде қаза болған адамдардың тізімі пайда болды деген ақпарат, суреттер мен бейнежазбалар тарап жатыр.
«Бұл тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыту үшін мектепке жеткізілген адамдардың деректері көрсетілген. Өлген адамдардың денесі бар табыттардың суретіне келсек, оларды жерлеу үшін біздің облыс арқылы транзитпен тасымалдаған» деп мәлімдеді әкімдік.
Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпарат, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуді ұсынады.