«18-19 қарашада Павлодар облысының аумағында секундына 37 метр екпінмен тіркелген дауылды жел нәтижесінен облыстың 3 қаласы мен 6 ауданында 83 әлеуметтік нысан, 63 көппәтерлі және 84 жеке тұрғын үй зардап шекті. Осыған сәйкес, табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай» жариялау туралы шешім қабылданды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, келтірілген зақымды бағалау жүргізілді. Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.
«Электрмен жабдықтау желілерінде 246 апаттық ажырау мен 100-ден астам зақымдану салдарынан 117 ауылдық елді мекен жарықсыз қалды. Алғашқы тәулікте жарық 99 ауылға берілді. Қалғандары бойынша жұмыс құлаған ағаштарды тазарту қажеттілігімен және басқа да жайттарға байланысты қиындады. 22 қарашада электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді», - деді Асайын Байханов.