София муниципалитетінің мәлімдеуінше, бұршақ пен нөсер жаңбыр салдарынан қаланың кейбір көшелері мен жолдарын су басты.
Дауылға байланысты 14 су басу жағдайы, 34 ағаштың құлағаны және үш бағдаршам жүйесінің істен шыққаны туралы хабарлама түскен.
Болгарияның Ұлттық метеорология және гидрология институтының хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты елдің 16 өңірінде «сары» деңгейлі ескерту жарияланған. Кейбір аудандарда найзағай ойнап, нөсер жауын құйып, бұршақ жаууы мүмкін.
Бұған дейін 25 тамызда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар елдің бірқатар өңірінде бұршақ жауатыны да айтылды.