Қатты әуен есту қабілетін нашарлатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания зерттеушілері музыканың бар даусын шығарып тыңдау есту қабілетін нашарлатады деген қорытындыға келді.

Британияның есту қабілеті төмен және саңыраулар қауымдастығының мамандары қоғамдық көлікте, жұмыс барысында, серуендеу кезінде музыка тындап жүретін мыңдаған адамдарға сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқан ададардың 30 пайызы сүйікті әуендерінің дыбысын қатты қойып тыңдайтынын және соған бола алаңдамайтынын айтқан.

Сондай-ақ зерттеушілер әрбір оныншы британдық азамат тиннитустан, яғни құлағындағы ызың ауруынан зардап шегіп отырғанын анықтады. Ол көп жағдайда, қорқыныш пен дәрменсіздікке, алаңдау мен депрессиялық көңіл күйге түсіріп, өмір сүру сапасының нашарлауына әкеліп соғады.

Мамандар тиннитус әуенді қатты қойып тыңдағанның салдарынан болады. Ал оның соңы саңырау болып қалуға дейін апарады, деп жазады Росбалт.