Қатты аяздарға байланысты елдің 4 облысында республикалық жолдар жабылды - «Қазақавтожол»

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда шектеулер енгізілді.

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан мәлім етті.

Атап айтқанда, 18 желтоқсан күні сағат 17.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуінен) «Алматы-Өскемен» автожолының 558-615 шақырымы аралығындағы «Рубеж бекеті-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы» учаскесінде қоғамдық және дизельді көліктер үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында сағат 17.00-ден бастап ауа температурасының -40 градус және одан да төмен болуына байланысты барлық бағыттар бойынша қоғамдық және дизельді көліктер үшін шектеулер енгізілді. Сонымен қатар сағат 17.00-ден бастап қатты аяздарға байланысты «Омск-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымы аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. 

 Қарағанды облысында сағат 17.00-ден бастап Павлодар облысында температураның төмендеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1069-1135 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабық. Онымен бірге, сағат 19.00-ден бастап ауа бағамының төмендеуі себепті Қарағанды облысынан барлық бағыттар бойынша шығатын жолдар қоғамдық, жүк және дизельді көліктер үшін жабылды. 

 Павлодар облысында -37-40 градус аяздарға байланысты сағат 17.00-ден бастап Павлодар облысынан шығатын жолдармен автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.