АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Осымен бірнеше күн бойы беті қайтпай отырған аяздың салдарынан мектептерде сабақ болмай отыр. Бүгін де бірінші ауысымда оқитын 1-ші мен 11-ші сыныптардың арасындағы оқушылар мен колледж-лицейлердің 1-2-ші курс студенттері тағы да сабаққа бармайды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен білім департаментінен хабарлағандай, «бірінші ауысымда оқитын 1-11 сыныптардың және колледждердің 1-2-ші курстарының оқушылары үшін сабақтар болмайды».
Дәл қазір Астанада термометр бағамы минус 34 градусты көрсетіп тұр.