Қатты аязға байланысты еліміздің бірнеше облысында сабақтар тоқтатылды
06:43, 25 Қаңтар 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аязды күндерге байланысты Қазақстанның бірнеше облысында сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 25 қаңтар күні қатты аязға байланысты Павлодар облысында 1-11 сыныптар аралығында 1 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мен барлық аудандарында 1-11 сыныптар аралығында, 1-2 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.
Астана қаласы, СҚО және Ақмола облысының да 0-11 сыныптары бүгін үйлерінде отыр.
Сонымен бірге, аязға байланысты Алматы облысының бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.