Астанада 27 қаңтарда ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды.
Алматыда 27 қаңтарда температураның -25 градусқа төмендеуіне байланысты мектептерде 5-11 сыныптарға сабақ болмайды. Ал, қалада 1-ден 4 сыныпқа дейінгі оқушылар аптасына бес күн ғана оқиды.
Қарағанды облысында 27 қаңтарда қатты аязға байланысты барлық мектептерде сабақтар тоқтатылды. Ауа температурасы -33-35 градусқа дейін суытып, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады деп күтілуде. 0-11 сынып аралығындағы бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушылардың барлығы сабақтан босатылады.
Павлодар облысында 27 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің 1, 2 курс студенттеріне сабақ өткізілмейді. Ауа температурасы минус 35 градус.
Қостанайда минус 28 градус қатты аязға байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптағыларға сабақ өткізілмейді.
Басқа облыстардан сабақтарға қатысты ақпарат әзірге келіп түспеді.