Қатты боранға байланысты Астанадан барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдарға автокөлікпен шығуға шектеу қойылды

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қатты боранға байланысты Астанадан барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдарға автокөлікпен шығуға шектеу қойылды.

Сонымен қатар «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақмола облысы аумағында кеше кешке қарай «Жезқазған-Петропавл» жолының 449-377 шақырымындағы «Державинск-Арқалық» учаскесінде автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Ал бүгін таңғы 8:00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» жолының 1235-995 шақырымындағы Астана-Атбасар аралығы да қатты боранға байланысты жабылды.