АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қатты боранға байланысты Астанадан барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдарға автокөлікпен шығуға шектеу қойылды.
Сонымен қатар «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақмола облысы аумағында кеше кешке қарай «Жезқазған-Петропавл» жолының 449-377 шақырымындағы «Державинск-Арқалық» учаскесінде автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды.
Ал бүгін таңғы 8:00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» жолының 1235-995 шақырымындағы Астана-Атбасар аралығы да қатты боранға байланысты жабылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.